ТМД бойынша интерактивті ойын: биоәртүрліліктің жойылу сценарийлерін талдауFarabi University
Референдум 15 марта

ТМД бойынша интерактивті ойын: биоәртүрліліктің жойылу сценарийлерін талдау

30 қаңтар, 2026

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Хамитова К.К.  «Гидрология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен 15 ТМД   «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарына арналған, биоәртүрлілікті сақтау мәселелеріне бағытталған интерактивті ойын өткізді.

Іс-шара барысында студенттер мини-топтарға бөлініп, әр топ өзіндік экологиялық сценариймен жұмыс жасады. Барлық топтарға ортақ проблемалық жағдай ұсынылғанымен, бастапқы шарттар мен әсер етуші факторлар әртүрлі болды. Бұл экологиялық өзгерістерді жан-жақты қарастыруға және табиғи экожүйелердің деградациясына әкелетін себептердің көпқырлылығын көрсетуге мүмкіндік берді.

Өз сценарийлері аясында студенттер тоғанда бақалардың жоғалуы, құстардың үнінің естілмеуі, ағаштардың қурауы және қара қардың пайда болу себептерін талдады. Берілген жағдайларға байланысты су мен топырақтың ластануы, өнеркәсіптік шығарындылар, қарқынды ауыл шаруашылығы, климаттың өзгеруі, тіршілік ортасының жойылуы, көлік әсері және антропогендік жүктеменің артуы сияқты әртүрлі факторлар анықталды. Әрбір мини-топ себеп–салдарлық байланыстарды құрып, талдау нәтижелерін ұсынды.

Жұмыстың жалғасы ретінде студенттер экологиялық ұрандар жазылған мини-плакаттар дайындап, тұрақты даму мен биоәртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, экологиялық қозғалыс атынан әкімшілікке арналған хаттар әзірленіп, онда экологиялық мәселелердің алдын алу және бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Бұл формат студенттерге ТМД  15 мазмұнын тәжірибе арқылы түсінуге, табиғи үдерістер мен адам әрекетінің өзара байланысын ұғынуға, сондай-ақ аналитикалық ойлау, креативтілік және экологиялық жауапкершілік сияқты маңызды құзыреттерді дамытуға мүмкіндік берді.