- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен University of Surrey арасындағы туризм саласындағы екі дипломды білім беру және пәнаралық ынтымақтастықты дамыту
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен University of Surrey арасындағы туризм саласындағы екі дипломды білім беру және пәнаралық ынтымақтастықты дамыту
29 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен University of Surrey өкілдерінің қатысуымен тұрақты туризм саласындағы пәнаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған онлайн-кездесу өтті. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты екі дипломды білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту, сондай-ақ тұрақты аумақтық даму мен туристік зерттеулер саласындағы халықаралық озық тәжірибелермен алмасу болды.

Іс-шара аясында университет пен география және табиғатты пайдалану факультетінің ғылыми-білім беру қызметі декан Актымбаева Алия Сагындыковнаның жетекшілігімен таныстырылды. Сондай-ақ талқылауға рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Байбуриев Руслан Муратович, медицина және денсаулық сақтау факультетінің, философия және саясаттану факультетінің, журналистика факультетінің, филология факультетінің, физика факультетінің, сондай-ақ экономика және бизнес жоғары мектебінің декандары мен өкілдері қатысты. Бұл жоспарланып отырған әріптестіктің пәнаралық және қолданбалы сипатын айқындап, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және жаратылыстану бағыттарын біріктіретін кешенді білім беру және зерттеу бастамаларын қалыптастыруға негіз қалады.

Кездесу барысында халықаралық академиялық ынтымақтастық модельдері, бірлескен бастамаларды қаржыландыру тетіктері және туризм саласындағы қолданбалы зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын интеграциялауға бағытталған басым бағыттар қарастырылды. Әсіресе оқу бағдарламаларын интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық арқылы тұрақты даму мақсаттарының 4-ші «Сапалы білім» және халықаралық ғылыми-білім беру альянстарын қалыптастыру арқылы 17-ші «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» мақсаттарын іске асыруға қосатын үлесіне ерекше назар аударылды.
Басқа жаңалықтар