Оқытушыларға зейнетақы жинақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілдіFarabi University

Оқытушыларға зейнетақы жинақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2 ақпан, 2026

География және табиғатты пайдалану факультетінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) өкілдерінің қатысуымен факультет оқытушыларына арналған ақпараттық кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастарға зейнетақы жүйесінің маңызын түсіндіріп, зейнетақы жинақтарын қалай және қайда жинау керектігі туралы жан-жақты мәлімет беру.

Іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының ерекшеліктерін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының болашақта азаматтардың әлеуметтік қорғалуындағы рөлін түсіндірді. Оқытушыларға ресми түрде жұмысқа орналасқан жағдайда зейнетақы жарналары автоматты түрде БЖЗҚ-ға аударылатыны айтылды.

Сонымен қатар, қор өкілдері зейнетақы жинақтарының жай-күйін онлайн форматта бақылау мүмкіндіктеріне тоқталып, БЖЗҚ-ның электрондық қызметтері мен мобильді қосымшасы арқылы жеке шотты тексеру жолдарын көрсетті. Оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Кездесу қаржылық сауаттылықты арттыруға және болашаққа жауапкершілікпен қарауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды. Мұндай түсіндіру жұмыстары қызметкерлердің зейнетақы жүйесі туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруына және еңбек жолын бастаған сәттен бастап жинақ жасауға ынталандырады.