Бутаков сарқырамасына саяхатFarabi University

Бутаков сарқырамасына саяхат

2 ақпан, 2026

Ақпан айының 1 жұлдызында Рекреациялық география және туризм кафедрасының «ZhasTour» клубы демалыс күнгі тау жорығы өтті. Бұл жорық кафедра оқытушылары Бейсахмет А.А. мен Әділбай Б.С. бастамасымен Алматы қаласына жақын орналасқан Бутаков сарқырамасы бағытында ұйымдастырылды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 3-ші (Салауатты өмір салтын қалыптастыру) және 4-ші (Сапалы білім беру) бағыттарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Тау жорығына кафедраның 1 курс студенттері қатысып, қысқы таулы аймақтағы қауіпсіздік ережелерімен танысты. Сонымен қатар студенттер мұзға өрмелеу бойынша кәсіби альпинистердің жаттығу үдерісін тамашалап, тәжірибелік және кәсіби білімдерін жетілдірді.

Мұндай тәжірибелік шаралар студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастырып, болашақ маман ретінде кәсіби қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.