- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Стресссіз студент: эмоцияны басқару және ішкі тепе-теңдік» тақырыбындағы іс-шара
«Стресссіз студент: эмоцияны басқару және ішкі тепе-теңдік» тақырыбындағы іс-шара
4 ақпан, 2026
«Стресссіз студент: эмоцияны басқару және ішкі тепе-теңдік» тақырыбындағы іс-шараның мақсаты – ГиМУ мамандығының 1 курс студенттерінің эмоционалдық тұрақтылығын нығайту және күнделікті күйзелісті азайтуға ықпал ету. Ашық ауада ұйымдастырылған серуен барысында студенттердің еркін қарым-қатынас орнатуына және жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыруға жағдай жасалды. Іс-шара студенттердің ішкі тепе-теңдігін сақтаудың және психологиялық әл-ауқатты жақсартудың маңызын сезінуіне бағытталды. Бірлескен серуен студенттер арасында өзара қолдау мен сенімділікті арттыруға ықпал етті. Іс-шара ГиМУ мамандығының 1 курс студенттерімен эдвайзер Боранбай Асел Асылбекқызымен бірге өткізілді.
Басқа жаңалықтар
4 ақпан, 2026
4 ақпан, 2026