Кәсіпорнындағы өндірістік үдерістерді ұйымдастыру және ресурстарды тиімді пайдалануFarabi University

Кәсіпорнындағы өндірістік үдерістерді ұйымдастыру және ресурстарды тиімді пайдалану

5 ақпан, 2026

Экономика және бизнес жоғары мектебінің 3-курс студенттері «Керемет Су СКЕ» компаниясының өндірістікбазасында болып, «Samal» табиғи ауыз суын өндірудіңтехнологиялық және экономикалық ерекшеліктеріментанысты. Оқу сапарының негізгі мақсаты«Кәсіпорынэкономикасы» пәні аясында өндірістік үдерістердіұйымдастыру, негізгі және айналым құралдарының рөлінтәжірибе жүзінде зерделеу болды.

Кәсіпорында өндіріс процесі 300 метрден астамтереңдіктегі №2940 артезиан ұңғымасынан алынатын суды өңдеуге негізделген. Су заманауи технологиялық жабдықтарарқылы бірнеше кезеңнен өтеді: механикалық сүзгілеу, суды жұмсарту, адсорбциялық тазарту, кері осмос әдісіменмолекулалық деңгейде тазарту және ультракүлгін сәулемензалалсыздандыру. Бұл оқу сапары БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 6-мақсаты - «Таза су және санитария» және12-мақсаты - «Жауапты тұтыну және өндіріс» шеңберінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен экологиялық қауіпсізөндірістің маңызын түсінуге ықпал етті.

Экскурсия барысында студенттер өндірістік үдерістердіұйымдастырудың логикасын, яғни шикізатты қабылдау, өңдеу, дайын өнімді қаптау және сақтау кезеңдерінің өзарабайланысын талдады. Өндірістік желінің толықавтоматтандырылуы еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, ал сапаныкүнделікті зертханалық бақылау өнімнің қауіпсіздігінқамтамасыз етеді. Оқу экскурсиясы студенттердіңтеориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастырып, кәсіпорын экономикасы тұрғысынан өндірістіұйымдастырудың, ресурстарды тиімді пайдаланудың жәненегізгі құралдардың рөлін түсінуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар: эдвайзер Андабаева Г.К., Кожекенова А.М.