Қазақстанның жаңартылған Конституциясына көзқарасым
Конституциялық реформаның бастамасы Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың бір палаталы парламент құру идеяларымен тығыз байланысты болды. Бұл қадам елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін саяси жүйені жаңарту қажеттілігінен туындады. Жаңартылған Конститутция комиссия жұмысы барысында негізгі заң мәтінінің шамамен 84 пайызына өзгерістер енгізілуде, мұнда басты назар адам құқығымен қатар, цифрландыру. Яғни, Конституцияның жаңартылған мәтінінде азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау алғаш рет заңды түрде бекітіледі.
Реформа мәселелері алты ай бұрын кеңінен талқылана бастады, соның нәтижесінде Конституция жобасына енгізілген жаңа нормалардың мазмұны айқындалды. Комиссия құрамына Конституцияны әзірлеу мен бекіту процесіне әртүрлі салалардың өкілдерінен 130 адамның тартылуы ұсынылған өзгерістердің заңдылығы мен негізділігіне деген сенімді күшейтті. Бұл жолы қоғам комиссия қызметін жіті бақылап отырды, себебі елдегі тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің болашағы осы шешімдерге тікелей байланысты болды.
Қоғам үшін ең басты құндылық – тұрақтылық пен қауіпсіз өмір. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияның жаңартылған нұсқасында адами капитал мен азаматтардың әл-ауқатын басты орынға қою орынды әрі уақыт талабына сай шешім болды.
Бір палаталы құрылтай, жалпыұлттық диалогтың жаңа форматы, Вице-президент институты сияқты бастамалар Конституцияның жаңашылдығы мен маңызын арттыра түседі. Бұл реформалардың қаншалықты нәтижелі болатынын болашақ көрсететді.
Саяси және экономикалық жүйелерді уақтылы реформалау тиімді басқару мен халық болашағына жауапкершілікті білдіреді.
Сапарбек Нұргүл Құрманқызы
PhD, аға оқытушы
Экономика кафедрасы
Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Басқа жаңалықтар