- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттері кампус тазалығын қолдап, пластик қалдықтарды қайта өңдеу акциясын өткізді
ҚазҰУ студенттері кампус тазалығын қолдап, пластик қалдықтарды қайта өңдеу акциясын өткізді
2026 жылғы 5 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінің, Экономика және бизнес жоғарымектебінің, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының6В11301 – Логистика (сала бойынша) білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында экологиялық бағыттағы іс-шараға қатысты.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялықмәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауғажауапкершілікті арттыру және қалдықтарды қайта өңдеудіңмаңыздылығын түсіндіру. Аталған бастама Біріккен ҰлттарҰйымының 12-ші Тұрақты даму мақсаты – жауапты тұтынужәне өндіріс (ТДМ) бағытына сәйкес жүзеге асырылды.
Іс-шара барысында студенттер пайдаланылған пластик бөтелкелерді арнайы қабылдау құрылғыларына тапсырып, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үдерісіментанысты. Бұл бастама кампус аумағында тазалықты сақтау, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту жәнеэкологиялық сананы дамытуға бағытталған.
Студенттер экологиялық бастамаларды қолдай отырып, «Біз кампустың тазалығын қолдаймыз» қағидатын ұстанып, университеттің тұрақты даму құндылықтарын насихаттауғаөз үлестерін қосты.
Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Тулебаева Н.Т., Мұса Қ.А., «6В11301-Логистика(сала бойынша)» мамандығы, К3 тобының 2 курс студенттері.
Басқа жаңалықтар