Чжанцзяцзе колледж делегациясы (ҚХР) факультетке ресми сапармен келдіFarabi University

Чжанцзяцзе колледж делегациясы (ҚХР) факультетке ресми сапармен келді

5 ақпан, 2026

2026 жылдың 4 ақпанда География және табиғатты пайдалану факультетіне Қытай Халық Республикасынан келген делегация ресми сапармен келді. Делегацияны Чжанцзяцзе колледжінің ректоры Цзян Дэбин бастап келді, сондай-ақ колледж әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Сапар аясында тараптар арасында жұмыс кездесуі өткізіліп, өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жазғы мектептерді ұйымдастыру, академиялық ұтқырлықты кеңейту, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру бағыттарына ерекше назар аударылды.

Чжанцзяцзе колледжінің өкілдері өз түлектерін университеттің магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша оқуға жіберуге қызығушылық танытты. Бұл бастама халықаралық академиялық әріптестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сапар бағдарламасы аясында қытайлық делегацияға университеттің оқу-ғылыми инфрақұрылымымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Қонақтар профильдік зертханаларды, соның ішінде Қашықтан зондтау зертханасын аралап, заманауи ғылыми зерттеулер мен техникалық мүмкіндіктермен танысты.

Аталған сапар факультеттің халықаралық байланыстарын кеңейтуге және Қытайдың жетекші білім беру ұйымдарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға маңызды қадам болды.