ТДМ 4, 16. Ақпаратты сараптау және жалған жаңалықтардан сақтану
Қазіргі цифрлық заманда ақпарат ағыны өте жылдам. Сондықтан кез келген мәліметті сыни тұрғыда қабылдау — қоғамның тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Бұл тақырып ТДМ-ның 4-мақсаты (Сапалы білім) және 16-мақсаты (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) аясында өзекті болып табылады.
Ақпаратты сараптау арқылы адамдар жалған жаңалықтарды шынайы деректерден ажырата алады, манипуляция мен адастырудан қорғанады. Осы мақсатта тыңдаушыларға ақпарат көздерін тексеру, ресми дереккөздерге сүйену, эмоцияға құрылған жаңалықтарға сенбеу жолдары түсіндірілді.
Тыңдаушыларға жалған ақпараттардан сақтану және қорғану туралы түсіндірме берілді, сондай-ақ медиасауаттылықты арттырудың маңыздылығы айтылды. Бұл білім азаматтардың саналы шешім қабылдауына және қоғамда жауапты ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар