- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жас ғалымдар мен докторанттарға арналған «Ғылыми жарияланымдарды даярлаудағы Review article және кейбір зерттеу құралдары» тақырыбындағы мастер-класс
Жас ғалымдар мен докторанттарға арналған «Ғылыми жарияланымдарды даярлаудағы Review article және кейбір зерттеу құралдары» тақырыбындағы мастер-класс
ТДМ 4 «Сапалы білім беру» іске асыру шеңберінде география және табиғатты пайдалану факультетінде жас ғалымдар мен докторанттарға арналған «Review article және кейбір зерттеу құралдары» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шара ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамытуға және жарияланымдық мәдениетті арттыруға бағытталды. Мастер-класс спикері – география және су қауіпсіздігі институтының өкілі, климатолог Монкаева Гульсара болды.

Мастер-класс барысында ғылыми шолу мақалаларының заманауи түрлері қарастырылды, соның ішінде narrative review – ғылыми тұжырымдамаларды интерпретациялауға бағытталған икемді құрылымдағы сапалық аналитикалық формат, деректерді іздеу мен іріктеудің қатаң хаттамасына негізделген systematic review, зерттеу саласын картаға түсіруге және негізгі тақырыптық бағыттарды анықтауға арналған scoping review, сондай-ақ жарияланымдық белсенділікті, ғылыми желілер мен зерттеу трендтерін талдауға мүмкіндік беретін bibliometric review. Сонымен қатар шолу мақаласын әзірлеудің негізгі кезеңдеріне – нақты зерттеу сұрағын тұжырымдаудан бастап ғылыми дереккөздерді іздеу стратегиясын құруға, материалдарды іріктеу мен сүзгіден өткізуге, деректерді жүйелеуге және нәтижелерді ғылыми олқылықтарды анықтай отырып талдауға дейін ерекше назар аударылды.
Өткізілген мастер-класс докторанттардың зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға және халықаралық академиялық стандарттарға сай жоғары сапалы ғылыми жарияланымдарды даярлау үшін қажетті кәсіби дағдыларды дамытуға елеулі үлес қосты.


Басқа жаңалықтар