- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ТДМ-15 аясында «Ормандар мен биоәртүрлілікті сақтау – келешек ұрпаққа аманат» тақырыбында ақпараттық іс-шара өтті
ҚазҰУ-да ТДМ-15 аясында «Ормандар мен биоәртүрлілікті сақтау – келешек ұрпаққа аманат» тақырыбында ақпараттық іс-шара өтті
Тұрақты даму мақсатының (ТДМ-15) талаптарына сәйкес 2026 жылғы 20 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы Сырайыл С. «6B01502 Биология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен «Ормандар мен биоәртүрлілікті сақтау – келешек ұрпаққа аманат» тақырыбында ақпараттық-танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің Тұрақты даму мақсаттары туралы білімін кеңейту, ормандар мен биоәртүрліліктің экожүйедегі маңызын түсіндіру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілік пен экологиялық сананы қалыптастыру болды.
Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылып, студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды. Кездесу барысында Тұрақты даму мақсаттарының мәні мен маңызы түсіндіріліп, ормандардың экожүйедегі рөлі және биоәртүрліліктің азаю себептері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстандағы және әлемдегі экологиялық мәселелерге нақты мысалдар келтіріліп, студенттермен пікірталас және сұрақ-жауап сессиясы өткізілді.
Бағдарлама аясында келесі жұмыстар жүзеге асырылды:
- тұрақты даму мақсаттарының мәні мен маңызы туралы түсіндіру;
- орман экожүйелерінің рөлі мен биоәртүрлілікті сақтаудың маңызын талқылау;
- Қазақстандағы және әлемдегі экологиялық мәселелерге қатысты нақты мысалдарды қарастыру;
- студенттердің қатысуымен пікірталас ұйымдастыру.
Ақпарат студенттерге презентациялар, көрнекі материалдар, экологиялық бейнероликтер және топтық талқылаулар арқылы ұсынылды. Бұл тәсілдер студенттердің ақпаратты жеңіл қабылдауына және оны тәжірибеде қолдануына мүмкіндік берді.
Іс-шараға «6B01502 Биология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері қатысты.
Аталған іс-шара студенттердің экологиялық білімін арттыруға, табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және тұрақты даму идеяларын түсінуге ықпал етті. Сонымен қатар студенттердің сыни ойлау және пікір алмасу дағдылары дамып, олардың экологиялық мәдениеті нығая түсті.

#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU
SDG15: #SDG15 #LifeOnLand
Басқа жаңалықтар