Зоолог-магистранттардың ғылым семинар өткізу туралы есебі
26 желтоқсанда сағат 11:00-де кафедра меңгерушісі, ғылыми жетекшілері, оқытушылары және зоология мамандығы бойынша алты магистранттың қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында магистранттар диссертациялық зерттеулерінің негізгі бағыттары мен зерттеу жұмыстарының алдын ала нәтижелерін ұсынды. Баяндамаларда 14-ші Тұрақты даму мақсаты «Су астындағы тіршілік» және 15-ші Тұрақты даму мақсаты «Құрлықтағы тіршілік» бағдарламаларына сәйкес келетін кең ауқымды тақырыптар қамтылды.

- Алтынбеков С.А. Жоғарғы палеозойлық дискозаврисктің Utegenia shpinari морфологиясы бойынша баяндама жасады.
- Мухаметқали А.Б. керқұланды (Equus ferus przewalskii) Қазақстанға реинтродукциялау мәселесін таныстырды.
- Оразымбек Е.Д. Алакөл көлі макрозообентосының алуантүрлілігінің динамикасын ұсынды.
- Рахмоналиева З.З. Каспий теңізіндегі инвазивті зообентос түрлерінің жергілікті организмдерге әсерін баяндады.
- Сайранова Ш.А. отолиттердің морфологиялық әртүрлілігі мен майшабақтың Каспий итбалығының қорегіндегі рөлін зерттеді.
- Химонен В.К. жорға лашынның тіршілік ортасының қолайлылығы мен популяциялық-экологиялық ерекшеліктерін бағалауды ұсынды

Әрбір презентация кәсіби қызығушылық тудырды және қызу ғылыми талқылаумен қатар жүрді. Магистранттар әдіснаманы жетілдіру, деректерді талдау және зерттеулерді одан әрі дамыту бойынша нақты ұсыныстар алды.
Семинар магистранттардың зерттеу құзыреттіліктерін және олардың Тұрақты даму мақсаттарына жетуге қосқан үлесін дамытудағы маңызды қадам болды.
Куратор-эдвайзер: PhD, Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы, С.Е. Шарахметов
#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар