ТДМ 4. Театр — рухани дамудың кеңістігіFarabi University

ТДМ 4. Театр — рухани дамудың кеңістігі

4 ақпан, 2026

ТДМ 4. Театр — рухани дамудың кеңістігі

 

04.02.2026 күні СИБ 24-04 тобы, Ақпараттық қауіпсіздік мамандығының студенттері кураторы Бекетова Айман Қайырбековнамен бірге Г. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Құлагер» спектаклін тамашалады.

Қойылым студенттерге ерекше әсер қалдырды. Спектакль барысында қазақ халқының рухы, еркіндікке деген ұмтылысы мен намысы терең сезілді. Студенттер құлагер бейнесі арқылы адалдық пен қайсарлықтың, рух тазалығының мәнін анық түсінді.

Актерлердің шынайы ойыны, сахнадағы әсерлі көріністер көрерменді бей-жай қалдырмай, қойылымды соңына дейін қызыға тамашалауға жетеледі. Көпшілігі спектакльден кейін ұзақ уақыт әсерде жүріп, өз ойларымен бөлісті.

Бұл мәдени шара студенттер үшін пайдалы әрі есте қаларлық болды. Осындай қойылымдар ұлттық өнерге деген қызығушылықтары арттырып, рухани жағынан байи түсулеріне үлкен ықпал етті.