Мейірім мекені - Шапағат.Farabi University
Референдум 15 марта

Мейірім мекені - Шапағат.

26 желтоқсан, 2025
Мейірім мекені – «Шапағат»
Бүгін, 24.12.2025 жылы, Жаңа жыл қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне қарасты шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Алматы қаласындағы КММ «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 3-бөліміне қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында кафедра ұжымы орталықтағы 35 балаға Жаңа жылдық сыйлықтар табыстап, мекеме қызметкерлерімен өзара пікір алмасты. Орталық директоры, осы салада 40 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Үміт Дүйсенбайқызы, мекеменің жұмысымен және балаларға көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды.
Өз кезегінде факультет деканы Алмас Әуелбекұлы Бектанов пен кафедра меңгерушісі Бақыт Манатқызы балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіліп отырған қамқорлық пен жанашырлық үшін орталық қызметкерлеріне шынайы алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі.
Жандары ерекше жаралған балаларға қуаныш сыйлау, олардың сөзбен жеткізе алмаса да, көз жанарымен білдірген шынайы сезімі мен риясыз күлкісін көру — жүрекке жылу сыйлайтын, ұмытылмас әсерге толы сәт болды.