«Жаңа Конституция жобасы» тақырыбында мазмұнды кездесу өттіFarabi University
Референдум 15 марта

«Жаңа Конституция жобасы» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті

12 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде «Жаңа Конституция жобасы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты – профессор-оқытушылар құрамын Жаңа Конституция жобасының негізгі мазмұнымен таныстыру, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру болды.                                                                                                                                                                                     

Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер:

🔹 Калимолдин Марат Маутенович – қазақстандық қоғам қайраткері, білім беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласының сарапшысы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының жетекшісі;

🔹 Кожамсугиров Ермек Амирович – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі;

🔹 Айгаринова Гульнар Төлеухадировна – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты;

🔹 Түгелбаев Санат Саяхметович – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, география және жерге орналастыру кафедрасының аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары, ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ олардың қоғамдық-саяси және институционалдық маңызы жан-жақты талқыланды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қызу пікір алмасумен ерекшеленді. Қатысушылар тарапынан мазмұнды сұрақтар қойылып, спикерлер тарапынан нақты әрі кәсіби жауаптар берілді. Ашық диалог алаңы қалыптасып, конституциялық реформалардың маңыздылығы кеңінен сараланды.