- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты дамудың 16-мақсаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру: «Заң мен тәртіп – әділеттіліктің негізі» семинар-тренингі
Тұрақты дамудың 16-мақсаты аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру: «Заң мен тәртіп – әділеттіліктің негізі» семинар-тренингі
2026 жылдың 12 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD., доцент м.а. Мұқан Нұрзат Тұрақты дамудың 16-шы мақсаты – « Бейбітшілік әділдік және тиімді институттар » Заң мен тәртіп – әділеттіліктің негізі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шара барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және қоғамдағы тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Семинар аясында жоғары оқу орны, азаматтық қоғам институттары және әлеуметтік орталық арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық жүзеге асырылды.
Қатысушылар
- студенттер: 40
- оқытушылар: 1
Аталған іс-шара заң үстемдігін нығайтуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған маңызды алаң болды. Халықтың ғылыми-білім беру әлеуетін, тәжірибелік әлеуметтік қолдауды және азаматтық қоғам ресурстарын біріктіру арқылы жастар мен әлеуметтік осал топтардың құқықтық сауаттылығы арттырылып, олардың заң талаптарын түсінуі мен сақтауға деген жауапкершілігі күшейтілді.
Сонымен қатар, тәжірибе алмасу мен білім тарату үдерісі құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етіп, әр азаматтың қоғам алдындағы міндетін сезінуіне жол ашты. Әлеуметтік жауапкершілікті бөлісу арқылы тұрақты дамуға негізделген серіктестік қатынастар нығайып, заң мен тәртіпке құрмет қағидалары бекітілді.
Басқа жаңалықтар