Абай кісілік кодексі және жастар әдебі
13 ақпан, 2026
13 ақпан, 2026 ж. Сағат 18.00 Экономика және бизнес жоғары мектебі, 16-студенттер үйінде ТДМ 3,4,17 көрсеткіштеріне сай «Толық адам концепциясы» аясында «Абай кісілік кодексі және жастар әдебі» тақырыбында Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Саденұлы, ҚазҰУ ардагері э.ғ.д.,профессор Өтеғали Қадірғалиұлымен кездесу іс-шарасы өтті.
Іс-шара мақсаты-Ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы мұрасындағы кісілік, адамгершілік, имандылық қағидаларын негізге ала отырып, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін күшейту, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, жауапкершілігі жоғары, парасатты тұлға қалыптастыру болып табылады.
«Абайдың кісілік кодексі» атаумен – бүгінде ҚазҰУ студент жастарына оның қара сөздері мен өлеңдерінде жүйелі түрде көрініс тапқан адам болмысының моральдық ұстанымдары ақпарат бұрыштарында ілулі. Абай «Толық адам» тұжырымдамасы арқылы адам бойындағы үш қасиетті – ақыл, жүрек, қайрат бірлігін басты шарт ретінде ұсынады. Бұл – қазіргі жастар тәрбиесі үшін де өзекті.
Қонақтарымыз Жангелді Саденұлы мен Өтеғали Қадірғалиұлы жастарға
бүгінгі жаһандану дәуірінде олардың түрлі ақпараттық, мәдени ықпалға түсу жағдайында Абайдың:
еңбекқорлық,
білімге құштарлық,
әділеттілік,
жауапкершілік,
қарапайымдылық,
үлкенге құрмет, кішіге ізет
сияқты өсиеттерін өздерінің әдебінің темірқазығына айналдыруы тиіс екенін жеткізді. Сонымен қатар Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр», «Әсемпаз болма әрнеге» секілді шығармаларында жастарды бос мақтаннан, жалқаулықтан, надандықтан сақтануды айтты. Ол кісілікті – тек жеке мінез емес, қоғам алдындағы жауапкершілік деп түсіндіретіндігін жеткізді. Қазіргі жастар әдебі – тек сыртқы мәдениет емес, ішкі рухани тазалықпен өлшенуі қажет. Осы тұрғыдан алғанда, Абай кісілік кодексі – ұлттық тәрбие мен заманауи өркениетті ұштастыратын рухани бағдар-деді.
Қорытындылай келгенде, Абай ілімі – уақытпен шектелмейтін құндылық. Жастар әдебін қалыптастыруда Абайдың кісілік қағидаларына сүйену – ұлттық болмысты сақтай отырып, бәсекеге қабілетті, саналы, ізгі қоғам құрудың кепілі екеніне тағыда ардагер аталарымыздың арқасында түсіндік деп, студенттерде үлкен алығысын жаудырды. Кездесуіміздің соңын Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнімен және естелік суретке түсу сәтімен аяқтадық.
ЭжБЖМ әлеуметтік -тәрбие жұмысы
жөніндегі декан орынбасары И.У.Кулиев
Басқа жаңалықтар
10 наурыз, 2026
10 наурыз, 2026