- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ әскери кафедрасы- оқу,әскери, дайындық қана емес, тұлғалық қалыптасудың мектебі
ҚазҰУ әскери кафедрасы- оқу,әскери, дайындық қана емес, тұлғалық қалыптасудың мектебі
14.02.2026 ж., Сағат 11.00, 1-Оқу залы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебі студенттерімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полковник Якупов Ардақ Амантаевич және ЭжБЖМ әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары И.У.Кулиевпен кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты -ТДМ 4,16 көрсеткіштеріне сай ҚазҰУ дың Әскери кафедрасында студенттерді запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлау, Қазақстан Республикасының әскери оқу резервін қалыптастыру, сондай-ақ Қарулы Күштердің офицерлер мен сержанттар құрамының бастапқы лауазымдарын толық жасақтау мақсатында алатын жоғары білімі негізінде жүзеге асырылатыны туралы таныстыру, түсіндіру іс-шарасы болды.
Осы кездесуде Ардақ Амантаевич әскери кафедраның міндетін тек оқу-әскери, дайындық қана емес, тұлғалық қалыптасудың өмірлік мектебі екенін жеткізді . Әскери даярлық студенттердің ұйымшылдығын, тәртіптілігін, жауапкершілігін арттырып, азаматтық-патриоттық ұстанымын нығайтатынын сонымен қатар, бейбіт уақытта кәсіби маман болып қалыптасқан жас түлектер төтенше жағдайлар мен ұлттық қауіпсіздік мәселелерінде мемлекетке сенімді тірек бола алатынын айтты. Осы сөзден жастар елге адал қызмет етуге, Отан алдындағы борышын сезінуге және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тиіс екендігін сезінгендей болды. Әскери кафедраға қабылдану шарттары мен мерзімі т.б. сұрақтарына алған жауаптарына студенттер алғысын айтты.
Басқа жаңалықтар