Малайя университетіндегі тағылымдама: тәжірибе мен тағылымFarabi University
Референдум 15 марта

Малайя университетіндегі тағылымдама: тәжірибе мен тағылым

16 ақпан, 2026

 

Бір айлық ғылыми тағылымдама кәсіби дамудың, халықаралық академиялық байланысты нығайтудың және жаңа зерттеу көкжиектерін ашудың тиімді алаңы. Малайя университетінің Ислам білімі, тарихы мен цивилизациясы академиясының академиялық ортасында өткен тәжірибе мазмұнды кездесулерге, бірлескен талқылауларға және практикалық зерттеу жұмыстарына толы болды.

Академиялық орта және ғылыми диалог

Тағылымдама барысында профессор-оқытушылар құрамымен жүйелі кездесулер ұйымдастырылып, ислам тарихының деректануы, өркениеттік үдерістердің эволюциясы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ислам таралуының ерекшеліктері талқыланды. Ғалымдармен пікір алмасу зерттеу әдіснамасын жетілдіруге, салыстырмалы талдау жасауға және аймақаралық ғылыми байланысты тереңдетуге мүмкіндік берді.

Академиядағы семинарлар мен коллоквиумдарда:

                       тарихи деректерді интерпретациялау тәсілдері;

                       өркениет теориялары;

                       қазіргі дінтанудағы пәнаралық әдістер;

                       цифрлық архивтерді пайдалану тәжірибесі қарастырылды.

 

Зерттеу және практика

Бір айлық практика аясында:

                       Ғылыми кітапхана және дерекқорлармен жұмыс жүргізілді;

                       Ғылыми мақала SCOPUS базасына жүктелді;

                       Болашақ академиялық жұмыстар бойынша келіссөздер жасалды;

                       Дәрістерге қатысу және ашық сабақ форматында тәжірибе алмасу өтті.

                 Оңтүстік-Шығыс Азиядағы БАҚ-та әл Фараби атындағы ҚазҰУ жайлы мақала жарияланды

Бұл кезең зерттеу мәдениетін жетілдіруге, академиялық жазылым сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеуге ықпал етті.

Мәдени-өркениеттік тәжірибе

Тағылымдама тек ғылыми емес, мәдени тәжірибе де болды. Көпұлтты академиялық ортада жұмыс істеу түрлі өркениеттік көзқарастарды түсінуге жол ашты. Бұл ислам өркениетінің әмбебап әрі бейбіт құндылықтарын тереңірек пайымдауға мүмкіндік берді.

Малайя университетіндегі бір айлық тағылымдама кәсіби өсуге, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және ислам тарихы мен өркениетін зерттеуде жаңа серпін алуға бағытталған маңызды кезең болды. Профессорлармен алмасқан тәжірибе халықаралық ынтымақтастықтың болашақта да жалғасуына негіз қалады.

 

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Исламтану БББ 2 курс докторанты Ерімбет Рамзан Еділбекұлы