- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультеті оқытушыларының қатысуымен профориентациялық кездесу өтті
География және табиғатты пайдалану факультеті оқытушыларының қатысуымен профориентациялық кездесу өтті
2026 жылғы 18 ақпан күні География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Мұқанова Г.А. және Керимкулова А.Б. С.Сейфуллин атындағы №2 мектеп-гимназия базасында кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді.
Кездесу Талғар қаласында ұйымдастырылып, оған 6 сыныптан 140 оқушы қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға География және табиғатты пайдалану факультетінің барлық білім беру бағдарламалары, экология, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, тұрақты даму бағыттары бойынша мамандықтардың ерекшеліктері мен артықшылықтары таныстырылды.
Оқытушылар талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу шарттары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, ғылыми-зерттеу жұмыстары және болашақ кәсіби даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдау бойынша нақты кеңестер алды.
Кездесу барысында білім алушылар экология және тұрақты даму саласының бүгінгі қоғамдағы маңызы, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы заманауи үрдістер мен мамандарға қойылатын талаптар туралы пайдалы мәліметтермен танысты.
Профориентациялық жұмыс оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы таңдауға бағытталып, өзара пікір алмасу форматында жоғары деңгейде өтті.
Басқа жаңалықтар