«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында 16–17 ақпан күндері «Кітапханаға кітап сыйла» қайырымдылық акциясы өтті.
Аталған игі шара аясында География және табиғатты пайдалану факультеті университет кітапханасының қорын толықтыру мақсатында 14 дана ғылыми оқу құралдары мен монографияларды сыйға тартты. Ұсынылған әдебиеттер факультет ғалымдарының ғылыми еңбектері мен заманауи зерттеу бағыттарын қамтитын құнды басылымдардан тұрады.
Бұл бастама – білім мен ғылымды қолдауға, академиялық мәдениетті нығайтуға және студенттердің сапалы оқу ресурстарына қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының ішінде: №4 – «Сапалы білім» (Quality Education) мақсатына тікелей сәйкес келеді. Сондай-ақ ғылыми білімді тарату және академиялық серіктестікті нығайту арқылы №17 – «Мақсаттар үшін әріптестік» (Partnerships for the Goals) мақсатына да үлес қосады.



Басқа жаңалықтар