19 ақпанда Студенттер үйі №4-те тәртіп пен тазалық мәселесіне арналған жиналыс өттіFarabi University
Референдум 15 марта

19 ақпанда Студенттер үйі №4-те тәртіп пен тазалық мәселесіне арналған жиналыс өтті

19 ақпан, 2026

2026 жылғы 19 ақпанда сағат 16:30-да Студенттер үйі №4-те География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне арналған жиналыс ұйымдастырылды.

Жиналысқа Студенттер үйінде тұратын студенттер мен студенттік актив өкілдері қатысты. Кездесуді Студенттік қалашық директорының орынбасары Қалшаев Есенғали және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Рыскельдиева Айжан бірлесіп жүргізді.

Жиналыс барысында жатақханадағы тәртіп пен тазалықты сақтау, тұрғын бөлмелер мен ортақ пайдалану орындарындағы санитарлық талаптарды орындау, ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттерге жатақханада мәдениетті мінез-құлық қалыптастыру, өзара сыйластық қағидаттарын ұстану және ортақ мүлікке ұқыпты қарау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, студенттердің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, туындаған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Жиналыс өзара түсіністік пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған ашық форматта өтті.

Аталған кездесу студенттер арасында тәртіп мәдениетін нығайтуға және жатақханадағы қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етті.