Әлеуметтік желілердегі этика және жауапкершілікFarabi University
Референдум 15 марта

Әлеуметтік желілердегі этика және жауапкершілік

20 ақпан, 2026

Тұрақты даму мақсаты – ТДМ 16: «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер әлеуметтік желілердегі этикалық нормалар, ақпараттық жауапкершілік, жалған ақпаратты болдырмау және киберқорқыныштар мәселелерін талқылады. Бұл бағыт бойынша әлеуметтік желілерде әрекет ету мәдениеті, қоғамдық жауапкершілік пен құқықтық аспектілер қарастырылды.

Пікірталас барысында студенттер әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың таралуы мен оның қоғамға әсерін талқылады. Қоғамдық және жеке жауапкершіліктің рөлі, тұрақты даму мақсаттарын сақтау маңызды екені атап өтілді. Топтық жұмыс барысында студенттер әлеуметтік желілерде ақпаратты дұрыс тарату жолдарын анықтады. Іс-шара нәтижесінде студенттер әлеуметтік желілерде өз әрекеттерінің қоғамға әсерін бағалауды, ақпараттық қауіпсіздік пен этикалық жауапкершілікті сақтауды үйренді.

Пікірталас Тұрақты даму мақсаты – ТДМ 16 бойынша студенттердің құқықтық және моральдық сауаттылығын арттыруға, топ ішінде пікір алмасу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.