«Цифрландыру жағдайындағы бухгалтер мен аудитор мамандығы» тақырыбында іс-шараFarabi University
Референдум 15 марта

«Цифрландыру жағдайындағы бухгалтер мен аудитор мамандығы» тақырыбында іс-шара

20 ақпан, 2026

«Лайықты еңбек және экономикалық өсу» Тұрақты даму мақсаты аясында 2026 жылғы 20 ақпанда сағат 13:00-де «Цифрландыру жағдайындағы бухгалтер мен аудитор мамандығы» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысты.

Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өз мамандықтарын таныстырды, цифрлық экономика жағдайындағы бухгалтер мен аудитордың рөлі туралы баяндады, сондай-ақ викториналар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырды. Кездесу мазмұнды әрі танымдық форматта өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары:
Сартова Р.Б., Жунисова Г.Е., Оралбаева Ж.З., Арыстамбаева А.З., Акимбаева К.Т., Исаева А.А.