«Референдум 2026: экономикалық жаңартуларға ҚазҰУ оқытушысының сараптамалық бағасы»Farabi University
Референдум 15 марта

«Референдум 2026: экономикалық жаңартуларға ҚазҰУ оқытушысының сараптамалық бағасы»

18 ақпан, 2026

13.02.2026 ж. ҚазҰУ оқытушысы, экономика кафедрасының ассистент-профессоры Ережепова Айман Абдыкаимовна «Қонаев МедиаТВ» арнасындағы «Апта. Маңызды» бағдарламасында «Референдум 2026: елге қандай жаңартулар күтіледі?» тақырыбында пікір білдірді.

Интервью барысында елдің жаңа экономикалық даму моделінің мәселелері мен бағыттары талқыланды, сонымен қатар әлемдік экономиканың ағымдарына сәйкес Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз ету жолдары қаралды. Ел Президенті К.К. Тоқаев атап өткендей, негізгі міндет — экономикалық өсуді азаматтардың табысы мен өмір сүру сапасын арттырумен байланыстыру. ВВП өсуі нақты табыстарға айналуы тиіс (ЦУР 8.1).

Сонымен қатар, цифрлық экономиканы дамыту және жасанды интеллект енгізу — еңбек өнімділігін арттыру, экспортқа бағытталған секторларды дамыту және экономиканы тұрақты дамытудың негізгі құралдары болып табылады. Бұл азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық тәртіп пен ашықтықты күшейтуге мүмкіндік береді (ЦУР 17.1).

Қорытындылай келе, жаңа Конституция жобасында белгіленген нормалар мен міндеттер ел экономикасының сапалы өсуіне жол ашып, Қазақстанның дамуына жаңа серпін береді.