«Ғылыми мақалаларды жазу және жариялау: кеңестер мен құралдар»Farabi University
Референдум 15 марта

«Ғылыми мақалаларды жазу және жариялау: кеңестер мен құралдар»

12 ақпан, 2026
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде кафедраның кезекті ғылыми семинары өтті. Іс-шара «Ғылыми мақалаларды жазу және жариялау: кеңестер мен құралдар» тақырыбына арналды.
Семинардың негізгі мақсаты — зерттеушілер мен жас ғалымдарға ғылыми мақалаларды сапалы жазу және оларды халықаралық талаптарға сәйкес жариялау жолдарын түсіндіру.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
ғылыми мақала құрылымын тиімді ұйымдастыру;
мақала жазу кезінде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу;
жариялау үшін ғылыми журналды дұрыс таңдау және талаптарына сәйкес форматтау;
плагиаттың алдын алу және ғылыми жұмысты тексеру;
заманауи цифрлық құралдарды пайдалану және ашық қолжетімділік платформаларында жариялау ерекшеліктері.
Сонымен қатар, ғылыми мақала дайындаудың барлық кезеңдері жан-жақты талқыланды: зерттеу нәтижелерін рәсімдеу, рецензияларға жауап беру және мақаланы жариялау процесін тиімді ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
Аталған семинар қатысушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіруге және жарияланым белсенділігін арттыруға бағытталды.