«Ғылыми мақалаларды жазу және жариялау: кеңестер мен құралдар»
12 ақпан, 2026
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде кафедраның кезекті ғылыми семинары өтті. Іс-шара «Ғылыми мақалаларды жазу және жариялау: кеңестер мен құралдар» тақырыбына арналды.
Семинардың негізгі мақсаты — зерттеушілер мен жас ғалымдарға ғылыми мақалаларды сапалы жазу және оларды халықаралық талаптарға сәйкес жариялау жолдарын түсіндіру.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
• ғылыми мақала құрылымын тиімді ұйымдастыру;
• мақала жазу кезінде жиі кездесетін қателіктердің алдын алу;
• жариялау үшін ғылыми журналды дұрыс таңдау және талаптарына сәйкес форматтау;
• плагиаттың алдын алу және ғылыми жұмысты тексеру;
• заманауи цифрлық құралдарды пайдалану және ашық қолжетімділік платформаларында жариялау ерекшеліктері.
Сонымен қатар, ғылыми мақала дайындаудың барлық кезеңдері жан-жақты талқыланды: зерттеу нәтижелерін рәсімдеу, рецензияларға жауап беру және мақаланы жариялау процесін тиімді ұйымдастыру мәселелері қамтылды.
Аталған семинар қатысушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын жетілдіруге және жарияланым белсенділігін арттыруға бағытталды.
Басқа жаңалықтар
12 наурыз, 2026
11 наурыз, 2026
11 наурыз, 2026