Мордовия университетінде қытай тілін оқыту мәселелері бойынша оқу-әдістемелік семинар өткізілді.Farabi University

Мордовия университетінде қытай тілін оқыту мәселелері бойынша оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

23 ақпан, 2026

   23 ақпан күні қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы «Мордовия университетіндегі қытай тілін оқыту тәжірибесі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.

      Семинар барысында шетелдік жоғары оқу орындарында қолданылатын қытай тілін оқытудың заманауи тәсілдері мен әдістемелері жан-жақты қарастырылып, оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу бойынша практикалық мысалдар ұсынылды. Сонымен қатар педагогикалық технологияларды білім алушылардың тілдік дайындық деңгейіне бейімдеу, коммуникативтік құзыреттілікті дамыту және мәдениетаралық дағдыларды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Өткізілген іс-шара оқытушылар мен білім алушылар арасында кәсіби диалогты жандандырып, озық педагогикалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және қытай тілін оқыту сапасын арттыруға ықпал етті.