- Басты бет
- Жаңалықтар
- Мордовия университетінде қытай тілін оқыту мәселелері бойынша оқу-әдістемелік семинар өткізілді.
Мордовия университетінде қытай тілін оқыту мәселелері бойынша оқу-әдістемелік семинар өткізілді.
23 ақпан күні қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы «Мордовия университетіндегі қытай тілін оқыту тәжірибесі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді.
Семинар барысында шетелдік жоғары оқу орындарында қолданылатын қытай тілін оқытудың заманауи тәсілдері мен әдістемелері жан-жақты қарастырылып, оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу бойынша практикалық мысалдар ұсынылды. Сонымен қатар педагогикалық технологияларды білім алушылардың тілдік дайындық деңгейіне бейімдеу, коммуникативтік құзыреттілікті дамыту және мәдениетаралық дағдыларды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өткізілген іс-шара оқытушылар мен білім алушылар арасында кәсіби диалогты жандандырып, озық педагогикалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және қытай тілін оқыту сапасын арттыруға ықпал етті.

Басқа жаңалықтар