Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 24 ақпанда «Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға факультеттің оқытушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысып, еліміздің конституциялық реформалары мен олардың қоғам дамуындағы маңызы кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Жаңа Конституцияның мемлекет дамуына, азаматтық қоғамды нығайтуға және әділетті Қазақстан құрудағы рөліне тоқталды. Сонымен қатар заң үстемдігін қамтамасыз ету, демократиялық құндылықтарды ілгерілету және қоғамдық жауапкершілікті арттыру мәселелері қозғалды.
Жиын барысында биология ғылымдарының докторы, молекулалық биология және генетика кафедрасының профессор Айтхажа Бигалиевич Бигалиев баяндама жасап, Конституциялық өзгерістердің ел болашағына әсері туралы өз пікірін білдірді. Ол жаңа реформалардың ғылым мен білім саласына да оң ықпал ететінін атап өтіп, жас ұрпаққа құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Молекулалық биология және генетика кафедра
Басқа жаңалықтар