- Басты бет
- Жаңалықтар
- Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Таир Даутқанұлы Джуламановтың 75 жылдық мерей тойы аталып өтті
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Таир Даутқанұлы Джуламановтың 75 жылдық мерей тойы аталып өтті
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Джуламанов Таир Даутқанович өзінің 75 жас мерейтойымен құттықталды. Ұлы мерекеге орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне сіңірген еңбегі үшін оған “Ерен еңбегі үшін” медалі табысталды.
Таир Даутқанович университеттегі ғылыми-зерттеу және білім беру саласына қосқан үлесімен ерекшеленеді. Ол көптеген жылдар бойы студенттерді оқытуда, ғылыми жобаларды басқаруда және кафедра жұмысына ерекше жауапкершілікпен ат салысып келеді. Оның еңбектері университеттің дамуына және Қазақстандағы техника ғылымдарының өркендеуіне елеулі үлес қосып отыр.

Марапаттау рәсімінде университет басшылығы мен әріптестері оның еңбегін жоғары бағалап, кәсіби жетістіктері мен білім саласындағы үлесін атап өтті. Бұл медаль – тек мерейтойлық сыйлық қана емес, сонымен қатар ғалымның өмірлік қызметінің, ғылым мен білімге адалдығының айқын белгісі болып табылады.
Таир Даутқановичқа мықты денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.
Басқа жаңалықтар