әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары экономика және бизнес мектебінің Экономика кафедрасы Халықаралық көлік-гуманитарлық колледжінде «Бизнес фильтрсіз: идеядан ауқымды жобаға дейін» атты тренинг ұйымдастырды.Farabi University

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары экономика және бизнес мектебінің Экономика кафедрасы Халықаралық көлік-гуманитарлық колледжінде «Бизнес фильтрсіз: идеядан ауқымды жобаға дейін» атты тренинг ұйымдастырды.

25 ақпан, 2026

Спикер - Абдурашитов Ранвир Ильясович, табысты кәсіпкер, бизнесті жүргізудің практикалық тәжірибесімен және нақты құралдарымен бөлісті.

Тренинг барысында кәсіпкерліктің негіздері, заманауи құралдар және бизнесті мемлекеттік қолдау, бизнес-жоспардың құрылымы, жобаларды ауқымдау мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты бизнес-кейстер қарастырылды.

Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, практикалық жағдайларды талдады. Ашық диалог форматы кәсіпкерлік жолындағы жетістіктермен қатар нақты қиындықтарды да талқылауға мүмкіндік берді.

Тренинг БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу аясында өткізілді:

№1 – Кедейлікті жою,

№8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу,

№17 – Тұрақты даму үшін серіктестік,

№10 – Теңсіздікті қысқарту.

Мұндай кездесулер кәсіпкерлік ойлауды дамытуға және белсенді, әлеуметтік жауапты жастарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Тренинг әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ ТДМ іске асыру аясында және АР23489032 ғылыми жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ЭБЖМ, «Экономика» кафедрасы, кафедра меңгерушісі Даулиева Г.Р., аға оқытушы Есенгелдиева Г.Т.