- Басты бет
- Жаңалықтар
- EduFusion NSG “Train Trainers” бағдарламасы аясындағы халықаралық ынтымақтастық.(ЦУР 4: Сапалы білім, ЦУР 17: Тұрақты даму үшін серіктестік).
EduFusion NSG “Train Trainers” бағдарламасы аясындағы халықаралық ынтымақтастық.(ЦУР 4: Сапалы білім, ЦУР 17: Тұрақты даму үшін серіктестік).
2026 жылғы 16–19 ақпан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінде өткен EduFusion NSG “Train Trainers” халықаралық бағдарламасына қатысты. Edu-Fusion Network for Sustainable Growth (EDUFUSION NSG) – Erasmus+ бағдарламасының маңызды жобаларының бірі, ол Қазақстандағы жоғары білімді халықаралық ынтымақтастық арқылы жаңғыртуға бағытталған. Жоба Қазақстан мен Еуропалық Одақтың жетекші университеттерін біріктіреді, атап айтқанда University of Vigo (Испания) және University of Porto (Португалия), бұл «Университет – Индустрия» өзара іс-қимылының тұрақты моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның халықаралық форматы инженерлік педагогика, цифрлық оқыту, құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламаларын жобалау, бағалау жүйелерін жетілдіру және көшбасшылықты дамыту саласындағы озық еуропалық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік берді. Бұл қатысушыларға халықаралық стандарттарға сәйкес педагогикалық және ғылыми дағдыларды жетілдіруге, сондай-ақ индустриялық серіктестермен ынтымақтастық орнатуға жол ашты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан бағдарламаға қатысқандар: электроника және астрофизика кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Сағидолда Ерұлан; Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтының директоры Ханиев Б.А.; плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Туреханова К.М. Қатысушылар төрт күндік қарқынды оқытудан өтіп, Train-the-Trainer Capacity-Building Workshop бағдарламасын сәтті аяқтап, халықаралық сертификаттарға ие болды.
Бағдарлама аясында инженерлік білім берудегі заманауи тәсілдер, цифрлық технологияларды енгізу, құзыреттілікке негізделген бағалау жүйесі, көшбасшылық дағдыларын дамыту және индустриялық серіктестермен өзара әрекеттесу мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, ЦУР 4 және ЦУР 17 мақсаттарына сәйкес сапалы білім беру, білім беру саласындағы серіктестік пен тәжірибе алмасу жолдары қарастырылды.
Бағдарламаға қатысу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға, білім беру бастамаларын еуропалық деңгейде дамытуға, сондай-ақ университеттің педагогикалық және ғылыми әлеуетін арттыруға маңызды қадам болды. Қатысушылар алған тәжірибе өз кафедраларында инновациялық әдістерді енгізуге және студенттердің құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Басқа жаңалықтар