- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғылыми мұра жастар арасында инновациялық ойлауды дамыту факторы ретінде (БҰҰ ТДМ-4, ТДМ-9)
Ғылыми мұра жастар арасында инновациялық ойлауды дамыту факторы ретінде (БҰҰ ТДМ-4, ТДМ-9)
2026 жылдың 25-ші ақпанда биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының аға куратор-эдвайзері А.Д. Сербаева, «6В05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері және «7М05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары Н.С. Аманкелді мен Р.Н. Нургалиеваның ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, академик Өмірбек Жолдасбековтің мерейтойына арналған «Ғылым ғұмыр: Академик Ө. Жолдасбековке тағзым» атты тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – академиктің бай ғылыми мұрасын насихаттау, оның отандық ғылымның дамуына қосқан зор үлесін жас ұрпаққа таныстыру және студенттерді ғылыми ізденіске ынталандыру болды. Кездесу барысында қатысушылар ғалымның өмір жолы, ғылымдағы табандылығы, жаңашыл бастамалары мен ұйымдастырушылық қабілеті туралы мазмұнды ақпараттармен бөлісті.
Интерактивті форматта өткен жиында студенттер академиктің ғылыми еңбектерінің маңыздылығын талдап, ғылымдағы табандылық, білімге ұмтылыс, кәсіби жауапкершілік және ғылыми ізденістің қоғам дамуы үшін стратегиялық рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қатысушылар ғалымның өнегелі өмір жолын бүгінгі жас зерттеушілерге үлгі ете отырып, ғылым мен білім саласындағы сабақтастық мәселелерін қозғады.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар