«Буллинг және кибербуллингке қарсымыз»Farabi University
Референдум 15 марта

«Буллинг және кибербуллингке қарсымыз»

27 ақпан, 2026

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының кураторлары ассистент-профессор Утегенов А.У мен қауымдастырылған профессор Оразбаев С.А., 1 курс докторанттары Қырықбай Б., Әнуарбек Ш.  ұйымдастыруымен студенттердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және академиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Буллинг және кибербуллингке қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.  Дөңгелек үстел барысында буллинг және кибербуллинг ұғымдарының мәні, олардың университеттік ортада көріну формалары және алдын алу жолдары талқыланды. Студенттер академиялық топтардағы психологиялық қысым, әлеуметтік желілердегі келемеж пікірлер, ғылыми жобалар барысында кездесетін әділетсіз сын сияқты нақты мысалдарды талдап, пікір алмасты. Сонымен қатар STEM бағытындағы білім беру ортасында кездесетін жасырын буллинг түрлері – академиялық элитизм, тілдік дискриминация және гендерлік стереотиптер туралы айтылды. 

Іс-шараның практикалық бөлімінде студенттерге жағдайлық тапсырмалар ұсынылып, олар буллинг жағдайында дұрыс әрекет ету алгоритмін ұсынды. Психологиялық кеңес ретінде мәселелерді дер кезінде хабарлау, дәлелдерді сақтау, университеттің академиялық этика кодексіне жүгіну және психолог көмегіне жүгіну қажеттілігі түсіндірілді.

 

Дөңгелек үстел қорытындысында студенттер академиялық ортада өзара құрмет пен қолдау мәдениетін дамыту, интернет кеңістігінде жауапкершілікпен әрекет ету және кез келген дискриминацияға жол бермеу туралы ортақ пікірге келді. Қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті. Өткізілген іс-шара студенттердің психологиялық денсаулығын қолдау арқылы ТДМ-3 «Денсаулық және әл-ауқат», гендерлік теңдікті насихаттау арқылы ТДМ-5 «Гендерлік теңдік», әлеуметтік теңсіздікті азайту арқылы ТДМ-10 «Теңсіздікті қысқарту» және академиялық адалдық мәдениетін нығайту арқылы ТДМ-16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсаттарына үлес қосады.