ЖЫР АЛЫБЫНЫҢ МЕРЕЙЖЫЛЫ немесе ЖИ Жамбыл туралы не біледі
28 ақпан, 2026
ТДМ-4 1996 жылы 6-сыныпта оқимыз. Жамбыл атамыздың 150 жылдығы ел ауқымында дүркіреп өтіп жатқан тұсы. Мектебімізде мерейжылға орай «Ғасырдың қарт бұлбұлы» аталған әдеби-сазды кеші өтті. «Ұлан» республикалық балалар газетіне апта сайын бірнеше шимай-шатпағымызды жіберіп, тілшілік тірлікке талпынып жүрген тірнекқанат кезіміз. Қанша жазсақ та тырнақалды туындысымағым газет бетіне бір шықпай қойды сол кездері.
Сонда да «жазғанымыз шықпай қойды» деп жасыған кезіміз болмаған екен. Алған беттен қайтпадық. «Ерегескендей-ақ» қайта-қайта «Ұланға» шатпағымызды қарша боратамыз. Бұл жолы Жамбыл атамыздың мектебімізде өткен кеші туралы газетке қалам түрткенімізді жөнелттік. Мектебімізде өткен іс-шара туралы «Ұлан» газетінде «Ғасырдың қарт бұлбұлы» мақаламыз жарқырап шыққанда төбеміз көккке бір елі жетер-жетпестей дейтіндей шаттандық. Бүкіл сыныбым, мектеп мұғалімдері арасында «тілші бала» атанып кеттік. Содан бері зымыраған 30 жыл зулап өтіпті-ау. Жамбыл атамнан көрген шапағатым осы менің. Жамбыл, Жәкем атам журналистік жолға салып беріпті-ау.
Дархан даланың дара перзенті, жыр алыбы Жамбыл атамыздың биыл 180 мерейжылы. Ғасыр жасаған абыз атамыз туралы айтар көп. Біз де ол туралы біраз білеміз деп ойлап жүрміз. Бірақ «Жасанды интеллект не біледі екен?» деп салып көрдік. Өйткені, қазіргі зумер ұрпақ, жас өрен миллениалдар мәліметті ЖИ-дан жиі іздейді. Өзім пайдаланатын «Geminі» нейрожелісіне Жамбыл туралы 7 мәлімет бер дедім. ЖИ мынадай жеті дерек шығарды:
1. Жыр алыбы Алматы облысындағы Жамбыл тауының етегінде дауылды күні туған.
2. Ақын, жыршы Сүйінбайдың шәкірті. Сүйінбай ұстазы өлері алдында Жамбылға батасын беріп кеткен.
3. Айтыс шебері. Жас кезінде Жамбыл ақын барлық ақынды жеңіп келген.
4. Жамбыл жүз жасына бірер ай ғана жетпей өмірден өтті. Шығармашылық иелерінің арасында ұзақ жасаған тұлға. Қартайғанша санасы сергек, әзілдесудің шебері еді, домбырада да шебер ойнады.
5. «Ленинградтық өрендерім» өлеңі соғыс жылдары блокадада тұрған қаланың тұрғындарына рух берді, жеңіске деген сенім ұялатты. (Ұлымыз екеуіміз жасаған мына суретте Санкт-Петербор қаласындағы Жамбыл 19 көшесіндегі Жамбыл ескерткіші тұруының өзіндік мәні бар. Дәл осы көшеде блокадада тұрған Ленингградттағы «Ленинградттық өрендерім» өлеңдерінің парақша түрінде жапсырылған.
6. Жамбылдың жадысы өте мықты болды. Жүз жасаған жыр алыбы жыр-дастандарды тұтастай жатқа білді, шежірені тарқатып бүге-шігесіне дейін айтатын, күй-өлеңдерді білді. Мықты жадыны өмірден озғанша сақтады.
7. Жамбыл атамыздың даңқы күллі әлемге тараса да өз қарапайымдылығын сақтады. Жамбыл атамызға көлік сыйласа да ол көбіне атпен жүруді қолай көреді. Көлігіне отырса да машинасының керуен сияқты баяу жүргенін қалайтын.