- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласының жер кадастр басқармасы география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының жерге орналастыру БББ студенттерімен және ПОҚ-мен кездесу өткізді
Алматы қаласының жер кадастр басқармасы география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының жерге орналастыру БББ студенттерімен және ПОҚ-мен кездесу өткізді
Рсымбетов Б.А. география, жерге орналастыру кадастр кафедрасының студенттері және ПОҚ-мен “Алматы қаласында жер кадастрын жүргізу ерекшеліктері“ тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге сондай-ақ жерге орналастыру БББ студенттері мен магистрант, докторанттары қатысты.
Кездесу барысында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Жер кадастры басқармасының қызметі мен құрылымы таныстырылды.
Кездесу барысында Алматы қаласында жер кадастрын жүргізудің өзіндік ерекшеліктері талқыланды. Атап айтқанда, қала аумағында жер учаскелерін қалыптастыру, бөлу, біріктіру, мемлекет мұқтажы үшін алып қою, сондай-ақ жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жер учаскелерінің шекарасын анықтау, шартты үлестер бойынша камералдық жұмыстар жүргізу, кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру мемлекеттік қызметтері түсіндірілді.
Аталған кездесу кафедра мен өндірістік құрылым арасындағы байланысты нығайтып, болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар