ТДМ аясында: Acanthophyllum gypsophiloides бойынша PhD диссертациясының алдын ала қорғау ғылыми семинары өттіFarabi University
Референдум 15 марта

ТДМ аясында: Acanthophyllum gypsophiloides бойынша PhD диссертациясының алдын ала қорғау ғылыми семинары өтті

2 наурыз, 2026

2026 жылғы 27 ақпан күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінің Ботаника және агроэкология кафедрасы «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы аясында алдын ала қорғау ғылыми семинарын өткізді. Іс-шара Қазақстан–Америка цитоматрица зерттеу орталығының базасында, 1 зоология кабинетінде ұйымдастырылып, талқылау қазақ тілінде жүргізілді. Семинар белгіленген тәртіпке сай өтіп, қатысушылар күн тәртібімен таныстырылды және талқылаудың мақсаты мен форматы нақтыланды.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі ретінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторант Тастанбекова Асем Арысбековнаның «Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сирек, эндем түр Acanthophyllum gypsophiloides Regel. ценопопуляцияларының экология-биологиялық ерекшеліктері мен жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы алдын ала қорғауға шығарылды. Семинардың басты міндеті докторант ұсынған нәтижелерді кафедралық ғылыми ортада жан-жақты талқылау, зерттеу логикасының дәйектілігін бағалау, ғылыми жаңалық пен қолданбалы маңызын айқындау, сондай-ақ жұмыстың қорытынды нұсқасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жинақтау болды.

Докторант баяндамасында зерттеудің өзектілігін жүйелі түрде негіздеп, сирек әрі эндем түрдің табиғи популяцияларын бағалау биоалуантүрлілікті сақтаудағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан жағдайында табиғи мекен ету орталарының өзгеруі, жер пайдалану қысымының артуы, деградациялық үдерістер және климаттық факторлардың құбылуы сирек түрлердің тұрақтылығына тікелей әсер ететіні көрсетілді. Осыдан келіп, ценопопуляциялар деңгейінде экология-биологиялық талдау жүргізу және популяциялардың қазіргі жағдайын ғылыми критерийлер арқылы бағалау қажеттілігі дәлелденді.

Негізгі мазмұнда докторант зерттеу объектісі мен пәнін нақтылап, Acanthophyllum gypsophiloides түрінің таралу ерекшеліктері, мекен ету ортасының экологиялық сипаттамалары және популяциялардың құрылымдық белгілерін бағалау тәсілдерін баяндады. Бұл ретте ценопопуляцияларды салыстырмалы талдау үшін қолданылған көрсеткіштердің логикасы түсіндіріліп, табиғи популяциялардың күйін анықтауда құрылымдық-динамикалық сипаттамалардың, жаңару әлеуетінің және популяция тұрақтылығының индикаторларын есепке алу қажеттілігі атап өтілді.

Осы отырыс барысында диссертациялық зерттеудің ТДМ/ЦУР мақсаттарымен байланысы мазмұндық тұрғыда кіріктірілді. Атап айтқанда, жұмыс ТДМ 15 – Құрлықтағы өмір мақсатымен тікелей сабақтас екені (биоалуантүрлілікті сақтау, сирек және эндем түрлерді қорғау, популяцияларды мониторингтеу) ғылыми тұрғыда негізделді. Сонымен бірге табиғи орта факторларының және ұзақ мерзімді экологиялық өзгерістердің популяциялар күйіне ықпалын қарастыруы арқылы ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес бағытымен үйлесетіні көрсетілді. Ал алдын ала қорғау ғылыми семинарының өзі және PhD диссертациясын кафедралық деңгейде жүйелі талқылау үдерісі ТДМ 4 – Сапалы білім міндеттеріне сай келетіні атап өтілді. Бұған қоса, шетелдік кеңесшілік арқылы әдіснамалық тәжірибе алмасу және халықаралық ғылыми өлшемдерге сай талдау жасау мүмкіндігі ТДМ 17 – Әріптестік мақсатымен байланыстырылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшілердің жетекшілігімен орындалғаны мәлімделді. Отандық ғылыми жетекшіКурманбаева Меруерт Сакеновна, б.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің деканы, Ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры. Шетелдік ғылыми жетекшіХён Мария, PhD, Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университеті, Ботаника кафедрасының профессоры (Венгрия). Халықаралық ғылыми жетекшіліктің зерттеудің әдіснамалық деңгейін күшейткені, нәтижелерді салыстырмалы тұрғыда түсіндіруге және қорытындыларды ғылыми талаптарға сай нақтылауға мүмкіндік бергені көрсетілді.

Талқылау кезеңінде қатысушылар тарапынан зерттеудің жекелеген аспектілерін нақтылауға бағытталған сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Әсіресе деректерді интерпретациялау логикасын күшейту, нәтижелердің қолданбалы қорытындыларын нақтылау, бағалау критерийлерін жүйелеу және қорғау ұсыныстарын дәлелдік негізбен бекіту жөніндегі пікірлер назарға алынды. Докторант қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды диссертацияның соңғы нұсқасына енгізу және қорғауға шығару алдындағы материалдарды толықтыру жоспарын ұсынды.

Қорытынды бөлімде алдын ала қорғау материалдары кафедраның белгіленген тәртібімен рәсімделіп, диссертациялық жұмыс одан әрі жетілдіру және келесі кезеңге – қорғауға ұсыну үшін дайындық жүргізуге бағытталды.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы