- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау бойынша Орталық Азия–Герман институты Қысқы мектеп жұмысына қатысты
Экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау бойынша Орталық Азия–Герман институты Қысқы мектеп жұмысына қатысты
География және табиғатты пайдалану факультеті жанындағы Экожүйелер мен биоалуан түрлілікті қорғау бойынша Орталық Азия–Герман институты International Dayof Zero Waste қарсаңында ұйымдастырылған «Қаттытұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және кәдеге жарату» IХалықаралық онлайн қысқы мектеп аясында сараптамалық тапсырманың бастамашысы болды.
Институт мамандары қатты тұрмыстық қалдықтардың әртүрлі экожүйелер мен биоалуан түрлілікке әсеріне арналған авторлық аналитикалық тапсырма әзірледі. Қатысушыларға мәселені сипаттап қана қоймай, қалдықтардың әсер ету механизмдерін кешенді талдау, нақты өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне төнетін қауіптерді бағалау, алдағы 5–10 жылға экологиялық салдарды болжау және практикалық шешімдер ұсынуміндеті жүктелді.
Тақырыптар теңіз, орман, қалалық және топырақ экожүйелерін, сондай-ақ микропластик мәселесі, ауырметалдардың жиналуы, санитарлық қауіптер және жекелеген түрлер санының өзгеруі сияқты өзекті бағыттарды қамтыды. 
Қысқы мектеп тыңдаушылары Қазақстан, Қырғызстанжәне Әзербайжан елдерінен мазмұнды әрі негізделген шешімдерін ұсынды. Қатысушылар өз пікірлерінде тақырыптың өзектілігін, тапсырманың практикалық бағытын және экология мен тұрақты даму саласындағыбілімдерін нақты экологиялық мәселелерді талдаудақолдану мүмкіндігін атап өтті.
Ұсынылған жұмыстар жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық ойлауды және жастардың экожүйелер мен биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне қызығушылығынкөрсетті.
Институттың Қысқы мектеп жұмысына қатысуыхалықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуғажәне білім алушылар арасында экологиялықжауапкершілікті қалыптастыруға маңызды үлес қосты.
Басқа жаңалықтар