- Басты бет
- Жаңалықтар
- 📚 «Цифрлық білім беру ортасында силлабус: бағалау, GenAI және коммуникация» тақырыбындағы әдістемелік семинар
📚 «Цифрлық білім беру ортасында силлабус: бағалау, GenAI және коммуникация» тақырыбындағы әдістемелік семинар
📅 2026 жылғы 5 наурызда сағат 11:00-де қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін әдістемелік семинар өтті.
🎤 Спикер: Акболатова М. Е., PhD, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті.
📖 Семинар барысында цифрлық білім беру ортасында силлабустың рөлі мен мазмұнына қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, силлабустың оқу процесін ұйымдастырудағы нормативтік және коммуникациялық құжат ретіндегі маңызы, оқу нәтижелеріне негізделген бағалау жүйесін құру қағидалары, критериалды бағалау мен рубрикаларды қолдану, сондай-ақ генеративті жасанды интеллект (GenAI) құралдарын академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
💬 Сонымен қатар студенттермен тиімді академиялық коммуникацияны ұйымдастыру, цифрлық білім беру платформалары жағдайында кері байланысты қамтамасыз ету және силлабусты оқу процесін жобалаудың маңызды құралы ретінде пайдалану тәсілдері қарастырылды.
Басқа жаңалықтар