«Қазақ қызы – ұлт айнасы: дәстүр мен заманауи жауапкершілік»
2026 жылғы 5 наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Химия және химиялық технология факультетінде «Қазақ қызы – ұлт айнасы: дәстүр мен заманауи жауапкершілік» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Іс-шара Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Кездесу Абайдың «Толық адам» ілімі мен тұрақты даму құндылықтары аясында ұйымдастырылып, қазақ қызының қоғамдағы орны, ұлттық тәрбие, білім мен жауапкершілік мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында қазақ тарихындағы аналар мен тұлғалы қыздардың өнегелі өмір жолы айтылып, бүгінгі қазақ қызының білім алу, кәсіби даму және қоғамдағы рөлі туралы пікірлер талқыланды.
Бағдарлама аясында студенттер «Бүгінгі қазақ қызының монологы» атты шығармашылық көрініс ұсынып, қазіргі қоғамдағы қыз баланың арманы мен жауапкершілігі туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ғылымда, білімде және қоғамдық өмірде жетістікке жеткен қазақ қыздарының үлгісі студенттерге мотивация ретінде ұсынылды.
Іс-шара студент жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және Абайдың «Толық адам» іліміндегі адамгершілік, білімге ұмтылу және жауапкершілік қағидаларын насихаттауға бағытталды.
Ұйымдастырушылар:
Жалпы және бейорганикалық химия
кафедрасының куратор-эдвайзерлері
А.И. Ниязбаева
Л.М. Тугелбаева
Н.С. Далабаева
М.К. Калабаева

Басқа жаңалықтар