- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ChatGPT – қауіп пе, әлде тиімді құрал ма?» тақырыбында студенттер арасында пікірталас ұйымдастырылды
«ChatGPT – қауіп пе, әлде тиімді құрал ма?» тақырыбында студенттер арасында пікірталас ұйымдастырылды
Экономика білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «ChatGPT – қауіп пе, әлде тиімді құрал ма?» тақырыбында дебат ұйымдастырды (04.03.2026ж). Бұл шараны ұйымдастырудың мақсаты – жасанды интеллект технологияларының білім беру жүйесіне әсерін талқылау, оның артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдерін саралау, сондай-ақ студенттердің сыни ойлау, талдау және дәлелді пікір айту дағдыларын дамыту болды.
Пікірталас барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, ChatGPT-тің білім алудағы тиімділігі мен оның ықтимал қауіптері туралы өз көзқарастарын дәлелдер арқылы қорғады. Студенттер жасанды интеллекттің ақпаратты жылдам табуға, оқу үдерісін жеңілдетуге, білім сапасын арттыруға және цифрлық дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, академиялық адалдық, технологияға тәуелділік және сыни ойлаудың төмендеу қаупі сияқты өзекті мәселелер де талқыланды.
Іс-шара барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді және жауапкершілікпен пайдалану сапалы білім беруді қамтамасыз етуге (ТДМ 4 – Сапалы білім), инновациялар мен цифрлық технологияларды дамытуға (ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым), сондай-ақ тұрақты қоғам қалыптастыруға (ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) ықпал ететіні атап өтілді. Пікірталас нәтижесінде қатысушылар жасанды интеллект құралдарын саналы, тиімді және академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып пайдалану қажеттігі туралы қорытындыға келді. Жасанды интеллект – бұл болашақтың құралы, оны жауапкершілікпен пайдалану – заманауи білім берудің маңызды шарты.
Куратор: Андабаева Г.К.
Басқа жаңалықтар