ТДМ 4 – Сапалы білім: «Зерттеу әдіснамасы және мәселелері»Farabi University

ТДМ 4 – Сапалы білім: «Зерттеу әдіснамасы және мәселелері»

6 наурыз, 2026

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде Исламтану мамандығының магистратура студенттері арасында Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 4-мақсаты – сапалы білім аясында «Зерттеу әдіснамасы және мәселелері» тақырыбында ғылыми-танымдық іс-шара өтті.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – магистранттарға ғылыми зерттеу жүргізудің әдіснамалық негіздерін түсіндіру, ғылыми зерттеу барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылау және зерттеу мәдениетін дамыту.

 

Шара барысында ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері, зерттеу әдістерін тиімді қолдану, дереккөздермен жұмыс істеу және ғылыми жұмысты рәсімдеу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, зерттеу процесінде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

 

Аталған шара магистранттардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға және білім беру саласындағы ғылыми ізденістерді жетілдіруге бағытталды.

 

Іс-шараның ғылыми жетекшісі – Нұрзат Мұқан,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD