«Таза Қазақстан – Таза болашақ»: студенттерге арналған экологиялық іс-шараFarabi University
Референдум 15 марта

«Таза Қазақстан – Таза болашақ»: студенттерге арналған экологиялық іс-шара

11 наурыз, 2026

2026 жылғы 11 наурыз күні университет қабырғасында «6B05102 - Биология» мамандығының 1 курс студенттеріне «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Таза Қазақстантаза болашақ» тақырыбында экологиялық бағыттағы іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты аялау және тазалықты сақтау мәдениетін насихаттау.

Іс-шара барысында студенттер қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және экологиялық мәселелер туралы мазмұнды баяндамалар жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар студенттер экологиялық тақырыпта дайындаған постерлерін қорғап, табиғатты қорғаудың маңызы, қоршаған ортаның тазалығы және жасыл бастамалардың қоғамдағы рөлі туралы өз көзқарастарын ұсынды.

Шара барысында студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында қызықты викториналық сұрақтар қойылып, түрлі танымдық ойындар ұйымдастырылды. Студенттер экология, табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығы туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.

Аталған іс-шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

 

Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы

Мауленова Салтанат Сабыржанқизи

 

#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU