«Жұмыс мәдениеті және еңбек қауіпсіздігі» атты тренингFarabi University

«Жұмыс мәдениеті және еңбек қауіпсіздігі» атты тренинг

10 наурыз, 2026

Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы TOO «Lucky Build» құрылыс компаниясының ұжымымен бірлесе «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» тұрақты даму мақсаттарына сәйкес «Жұмыс мәдениеті және еңбек қауіпсіздігі» атты  тренинг өткізілді.

 2026 жылы 10 наурызда TOO «Lucky Build» мекемеcінде арнайы тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейін арттыру, өндірістік жарақаттардың алдын алу және жұмыс орнындағы жауапкершілікті күшейту болды.

Тренинг барысында қатысушыларға ойын ойнатылып, еңбек қауіпсіздігі ережелері, жұмыс орнындағы тәртіп пен мәдениетті сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі қағидалары түсіндіріліп, қызметкерлерге қауіпсіздік техникасын сақтау маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара барысында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, түрлі тәжірибелік мысалдар талқыланды. Мұндай тренингтер қызметкерлердің кәсіби мәдениетін қалыптастыруға, ұжымдағы қауіпсіз әрі тиімді жұмыс ортасын нығайтуға ықпал етеді.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында осындай оқыту шараларын тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

 

Ұйымдастырушылар: 2 курс докторант Жексенбаева М.А., филос.ғ.кандидаты, қауым.профессор Аликбаева М.Б., фил.ғ.кандидаты, қауым.профессор Балтымова М.Р.