«Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен кураторлық сағат өткізілдіFarabi University

«Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен кураторлық сағат өткізілді

11 наурыз, 2026

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде 6В03102 – «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті. Іс-шара факультеттің 125 аудиториясында сағат 12:00-де ұйымдастырылды.

Кураторлық сағатты Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, PhD Каупенбаева Самал Мұхаметәліқызы, сондай-ақ кафедраның аға оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы ұйымдастырды.

Кездесу барысында студенттерге келесі оқу жылына пәндерге тіркелу тәртібі мен академиялық жоспарлау мәселелері бойынша маңызды ақпарат берілді. Сонымен қатар, алдағы референдумға дайындық барысы, оның қоғамдағы маңызы мен жастардың азаматтық жауапкершілігі жөнінде пікір алмасу жүргізілді.

Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда «Сапалы білім» (SDG 4) және «Тұрақты даму үшін серіктестік» (SDG 17) мақсаттарымен үндесіп, студенттердің білім сапасын арттыруға, азаматтық белсенділігін қалыптастыруға және академиялық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.