«Жауапкершілікпен еңбек ету мәдениеті»Farabi University

«Жауапкершілікпен еңбек ету мәдениеті»

27 наурыз, 2026

Тақырыбы: «Жауапкершілікпен еңбек ету мәдениеті»

 

(семинар)

 

Өткізілген күні: 27.03.2026 ж.

Ұйымдастырушы: «Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының оқытушысы Қуандыкова Дина және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының 3-курс студенттері

Орындаған: 1-магистрант Елемесов Алинур, 2-магистрант Елтаев Магжан

 

Шараның мақсаты:

 

·  Студенттерге жауапкершілікпен еңбек ету мәдениетінің мәнін түсіндіру.

·  Кәсіби этика мен тәртіпті сақтауға тәрбиелеу.

·  Тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға баулу.

 

Шараның барысы:

 

Семинарды ашу барысында оқытушы жауапкершілікпен еңбек ету мәдениеті ұғымының мағынасына тоқталып, оның кәсіби өмірдегі маңызы туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Ұлы тұлғалардың нақыл сөздері мен кәсіби этика саласындағы озық тәжірибелер келтіріліп, олардың практикалық мәні талқыланды.

 

Негізгі бөлімде студенттер белсенді түрде қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Топтық жұмыс ұйымдастырылып, студенттер бірнеше шағын топқа бөлінді. Әр топ берілген жағдаяттық тапсырмаларды талдап, жауапкершілік пен еңбек тәртібін сақтаудың нақты жолдарын ұсынды. Студенттер нақты кәсіби жағдаяттарды рөлдік ойын арқылы талдап, шешім қабылдау дағдыларын дамытты.

 

Қорытынды бөлім:

 

Семинар соңында рефлексия жүргізілді. Студенттер «Мен өз жұмысымда жауапкершілікті қалай арттыра аламын?» деген сұраққа жауап жазып, өз ойларын ортаға салды. Көпшілік студенттер міндеттемелерді уақытында орындау, командамен тиімді қарым-қатынас орнату, кәсіби дамуға ұмтылу және жұмыс тәртібін сақтау сияқты маңызды бағыттарды атап өтті.

 

Нәтижесі:

 

·  Студенттер жауапкершілікпен еңбек ету мәдениетінің маңызын түсінді;

·  Кәсіби этика мен тәртіпті сақтау деңгейі артады, және тиімді жұмыс істеу мәдениеті нығаяды;

·  Өзара ынтымақтастық пен сыйластық деңгейі артты;

·  Белсенділік пен жауапкершілік қасиеттері байқалды.

 

Қорытындылай келе, өткізілген семинар өз мақсатына жетті. Студенттер шараға белсене қатысып, кәсіби жауапкершілік пен еңбек мәдениетінің мәнін тереңірек ұғынды. Болашақта осындай тәрбиелік және кәсіби маңызы зор шараларды жалғастыру жоспарлануда.