Посткванттық криптографияға арналған халықаралық ғылыми семинар
2026 жылғы 1 сәуірде Ақпараттық және есептеу технологиялар институтының Ақпараттық қауіпсіздік зертханасында халықаралық ғылыми семинар өтті.
Семинар қонағы – Грузиядан келген белгілі ғалым, криптограф, Грузия Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті, профессор Максим Явич.
Іс-шара институттың арнайы шақыртуымен ұйымдастырылып, оған Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Семинардың негізгі тақырыбы – посткванттық криптографиялық алгоритмдер. Профессор Максим Явич өз баяндамасында бұл бағыттағы заманауи зерттеулерге тоқталып, посткванттық криптографияның маңыздылығы мен болашақ даму перспективаларын жан-жақты түсіндірді.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Мұндай ғылыми кездесулер білім мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді!
Басқа жаңалықтар