«Лидерлер мектебімен кездесу: Өзін-өзі басқару — көшбасшылыққа жол»Farabi University

«Лидерлер мектебімен кездесу: Өзін-өзі басқару — көшбасшылыққа жол»

28 наурыз, 2026

«Лидерлер мектебімен кездесу: Өзін-өзі басқару — көшбасшылыққа жол»
Педагогикалық тәжірибе аясында «Өзін-өзі басқару — көшбасшылыққа жол» атты лидерлер мектебімен кездесу іс-шарасы өткізілді. Жетекші оқытушы Кенжебаева Мерей Омаровнаның басшылығымен, студенттер Ашим Темирланның және Есмағанбетов Бекзаттың ұйымдастыруымен және факультет студенттерінің қатысуымен Freedom Lifestyle Митапқа қатысып, IT және бизнес саласының жетекші мамандарының баяндамаларын тыңдадық.
Іс-шарада танымал компаниялардың өкілдері — Arshyn Sultangazy (BCC), Darkhan Barambayev (Globerce Capital), Ali Duisebayev (Snoonu) және Куддыс Тенизбаев (BCC) — өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер нақты кейстер негізінде өнімдерін қалай дамытқанын, сәтсіз фичалар кезінде қандай шешімдер қабылдағанын және тәуекелдерді қалай басқарғанын айтып берді.
Митаптан алған басты тұжырымдар:

Спикерлер нақты өнімдік кейстерді талдай отырып, сәтсіз функционалдардан сабақ алу маңыздылығын атап өтті.
«Жаңарту алдындағы өнімді ешқашан төмендетпе» — митаптың негізгі қағидасы.
Ali Duisebayev: «Маркетплейс — екі жақты өнім», яғни тұтынушы мен жеткізушінің мүддесін бір мезгілде ескеру қажет.

Бұл кездесу студенттерге теориялық білімді нақты бизнес шындығымен ұштастыруға, өнімді ойлаудың негіздерін меңгеруге және болашақ мамандар ретінде сыни талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.